$ 494.87  520.65  4.91

Астанада ТЖД басшысы қамауға алынды

Оған сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдік тағылып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Пара алу") бойынша соталды тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ұсталды, оған қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы – қамауға алу. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді ТЖМ баспасөз қызметі өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары