$ 494.87  520.65  4.91

«Ақша ұрлау және бопсалау»: Тараз бен Шымкентте қылмыстық топтың басшылары ұсталды

Арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 14 басшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз бен Шымкенттен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін анықтады, - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

"2022 жылғы 30 маусымда ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірге Тараз және Шымкент қалаларында "А" және "Бүркіт" арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті", - делінген хабарламада.

Тексеріс барысында қылмыстық топ мүшелерінің тауар-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша бопсалауға қатысы бар екені туралы дәлелдер жиналған.

"Арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 14 басшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды.

Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша сомасы, сондай-ақ, тергеу үшін қызығушылық тудыратын құжаттар табылып, тәркіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Соталды тергеу жүргізіліп жатыр, ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары