Төтенше жағдай туралы өнер иесі Instagram-да мәлімдеді.
«Қазіргі жағдайым осындай. Өнерге келгелі тірнектеп жинаған барлық музыкалық аспаптарым, құрал-жабдықтарым өрнетіп кетті. Құрметті бауырлар, қазір күн өте ыстық. Өрттен абай болыңыздар», - деді Нұрлан Албан.
Желі қолданушылары әншіге: «Бір жақсылығы бар шығар. Қайырлы шығын болсын», «Өміріңізде кереметтей өзгеріс болайын деп тұр, Алла қаласа», «Ең бастысы бас аман болсын» деп қолдау көрсеткен.
Әнші Сәкен Майғазиев: «Нұрекем, бір АЛЛА жар болсын. Қасиетті ҚҰРАНның «Инширах» сүресінде «Қиындықтардан соң жеңілдіктер бар» деп бір емес, екі рет айтады. Бас аман болса шаш өседі. Біз біргеміз» деп пікір қалдырды өнердегі әріптесіне.