$ 494.87  520.65  4.91

Теңіз кен орнындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

Жарылыстан екі адам көз жұмып, тағы бес жұмысшы зардап шеккен.

Теңіз кен орнындағы гидротест кезіндегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жарылыстан көз жұмғаннан екі адамнан бөлек тағы бес жұмысшының зардап шеккені  белгілі болды. 

“Қайтыс болғандардың біреуі оқиға орнында, екіншісі кен орнындағы "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінде көз жұмған. Үшінші зардап шегушіні "Теңізшевройл" ЖШС-не қарасты ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізген. Науқасқа қазіргі таңда дәрігерлер сараптама жүргізіп жатыр. Жамбас тұсынан жабық жарақат алған төртінші жұмысшы Жылой аудандық ауруанаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа тұрақты. Бесінші зардап шегушіге кен орнындағы "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр”, - деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, апатқа байланысты арнайы комиссия құрылып жатқаны белгілі болды. Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Теңіз» кен орнында болған апатты жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді. 

Серік Шәпкенов қаза болған жұмысшылардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтып, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына қажетті материалдық көмек көрсетілетінін жеткізді. Сондай-ақ аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына жарақат алған жұмысшыларға медициналық көмек көрсетуді тапсырды. Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылып, заң аясында жұмыстар жүргізіледі.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары