$ 448.15  483.46  4.86

«40 бала ауруханада жатыр»: Астанадағы субұрқақтардан қауіпті бактерия анықталды

Сондай-ақ А гепатиті мен конъюнктивит жұқтыру ықтималдығы жоғары болып тұр.

Жаз басталғалы ішек таяқшасы инфекциясымен дәрігерлерге 264 адам жүгінген, 40 бала стационарларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Энтеровирустың таралуына дәл сол субұрқақтар себеп болды дейді мамандар. Ішек таяқшасы инфекциясының таралуы елорданың оң жағалауындағы қала тұрғындарының сүйікті жерінде басталған. Онда балалар барлық тыйымға қарамастан өздеріне "жағажай" демалысын ұйымдастырады.

Бұл субұрқақтарда қаңғыбас иттер жиі шомылып, құстар су ішеді. Ал олардың вирус тасымалдайтыны барлығына белгілі. Суда ішек таяқшасы инфекциясын жұқтырып қана қоймай, А гепатиті мен конъюнктивит жұқтыру ықтималдығы жоғары. Сонымен қатар ыстықта суда бактериялар тез көбейетінін ұмытпаған жөн, - деді Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Аяжан Қалқабекова.

Сол жағалаудың дәл орталығында да тазалық пен тәртіпті мұқият қадағалағанның өзінде заңбұзушылықтар бар. Мәселен судың лайлылық деңгейі бір жарым еседен асады. Бірақ балалар, әсіресе аптап ыстықта, бұдан қорықпайды.

Сулы-жасыл бульвардағы ән шырқайтын субұрқақ таза саналады. Судың мөлдірлігін алыстан бағалауға болады. Бірақ тіпті оған да шомылудың қажеті жоқ деп ескертті мамандар. Субұрқақ – бұл күрделі механизм. Сымды зақымдағанда адамды тоқ соғуы мүмкін. Су аллергиясы бар адамдар үшін де қауіпті.

Біз суға химиялық реагенттер қосамыз. Бұл хлор, алгицид. Егер адамда аллергия болса, бұл әртүрлі аллергиялық бөртпе және тағы басқаға әкеп соғуы мүмкін. Шынымен де аптап ыстық болғанда балаларды судан алып шығу қиын. Ал біз қалай қорқытамыз? Міне барлық жерде ақпараттық тақта ілулі тұр. Біз айыппұл саламыз деп қорқытамыз. Оларға айыппұл салынады, полиция шақырамыз деген сияқты, - деді субұрқақ шебері Владимир Назаров.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана