Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында жұмысшы өз-өзіне қол жұмсады деген ақпарат тарады.
Кен орнының баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде ТеңізШевройл компаниясының мердігері "Сенімді құрылыс" мекемесінің 28 жастағы жұмысшысы түнгі ауысымға жұмысқа шыққан. Құрылыс алаңында өзі қалған кезде, асылып қалған. Оның денесін басқа жұмысшылар тауып алып, компанияға хабар берген.
"Сенімді құрылыс" мердігер компаниясы жұмысшысының денесінің табылғаны туралы бізге хабарлады. Тиісті мемлекеттік органдарға хабарлама жіберілді”, – делінген хабарламада. Атырау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Әзірге ер азаматтың неге өз-өзіне қол жұмсағаны белгісіз.