$ 448.15  483.46  4.86

2022-2023 оқу жылына бөлінген гранттар тізімі жарияланды

Техникалық салаларға ерекше назар аударылды.

2022-2023 оқу жылына бөлінген білім гранттары тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Магистратураға түсуге 13 мыңнан аса грант, докторантураға 1800-ден аса грант бөлінген.

2022-2023 оқу жылына мамандықтар бойынша бөлінген білім беру гранттары тізімі Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайтында жарияланды: бакалавриат, магистратура, докторантура.

"2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін министрлік 73 мыңға жуық грант бөлді. Ең көп грантты "Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы" білім беру бағдарламалары тобы алды, саны - 17 794 грант. "Педагогикалық ғылымдар" – 10 810 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" – 9 103 грант, "Жаратылыстану, математика және статистика" – 6 288 грант.

Техникалық салаларға ерекше назар аударылды. Онда мемлекеттік тапсырыстар үлесі 60 пайызға дейін ұлғайтылды", - деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары