Алматы облысында жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты. Олардың кішкентай баласы мен тағы екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz.
Жол апаты 6 шілдеге қараған түні Іле ауданы аумағында болған. Өңір полициясы көліктер Байсерке-Қараой тас жолының 26-шақырымында соқтығысқан. Алдын-ала мәлімет бойынша, жол апатына қарсы жолаққа шығып кеткен 32 жастағы Volvo жүргізушісі кінәлі.
«Mercedes Benz салонында болған ер адам мен әйел қаза тапты. Сондай-ақ жарақат алған үш адам, оның ішінде 4 жасар қыз ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.