$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбе әуежайын басып алу ісі бойынша сот шешімі шықты

Соттың мәліметінше, күдіктілердің үшеуі де кінәсін мойындап, прокуратурамен процессуалдық келісімге келген.
фото: nur.kz
фото: nur.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе әуежайына шабуыл жасап, басып алды деп айыпталған үш тұрғынның ісі бойынша сот үкімі оқылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақтөбе облыстық сотына сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, күдіктілердің үшеуі де кінәсін мойындап, прокуратурамен процессуалдық келісімге келген. Сот оларды Қылмыстық кодекстің 269-бабының 1-бөлігі (Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе басып алу) бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысының бас бостандығын 3,5 жылға шектеу жазасын тағайындады.

«Тергеу нұсқасы бойынша сотталушыларға биыл 5 қаңтарда сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты болған наразылық акциясына қатысушыларды қолдау мақсатында әуежайға келіп, жетекшіні жолаушылардың әуежайға кіріп-шығуына кедергі келтіріп, сондай-ақ әуежай ғимаратын бүлдіремін деп қорқытты, барлық бағыттағы рейстерді тоқтатуды талап етіп, тоқтатты деген айып тағылды. Соның салдарынан «Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ-на жалпы сомасы 1 млн 672 мың теңге материалдық шығын келтірілген. Ол толық көлемде өтелді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары