$ 474.72  515.17  5.58

Балабақша балалары екі жасар бүлдіршінді сау-тамтығын қалдырмай тістеп тастаған

Ал жәбір көріп, қатты шошынған бүлдіршін қазір ауруханада ем алып жатыр. Балабақша басшылығы бұл жағдайды жасырмақ болған.

Жамбыл облысында балабақшада 2 жастағы бүлдіршінді өзімен жасты бала 19 жерінен тістелеп тастаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға Талас ауданындағы балабақшада болған. Тілі толық шықпаған баланы өзімен жасты бүлдіршін басынан аяғына дейін тістеп тастаған. Ал жәбір көріп, қатты шошынған бүлдіршін қазір ауруханада ем алып жатыр.

Балабақшаның бір емес, жиырмаға жуық қызметкері қайда болғаны белгісіз.

Балабақша басшылығы бұл жағдайды жасырмақ болған. Есікті қалқалап, журналистерді жолатпаған күзетші балабақша меңгерушісінің күйеуі болып шықты.

Сау-тамтығы қалмаған бүлдіршіннің туғандары балабақша бөлмелерінде бақылау камералары болмағаны және бүлдіршіндерді қараусыз қалдырғаны үшін мекеме басшысы мен қызметкерлерінің жұмыстан кетуін талап етіп отыр.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары