$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

Еске салайық, бүгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуыл жасалған болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін", - деп жазды Тоқаев.

Еске салайық, бгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алды.

Тағы да оқыңыз: Бұрынғы премьер-министрге оқ атылды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары