08.07.2022, 15:40

Қызылорда мен Маңғыстауда қуаңшылық болуы мүмкін

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бұл аймақтарда жауын-шашын мүлдем аз түседі.

Шілдеде Қызылорда мен Маңғыстау өңірлерінде қуаңшылық болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бұл аймақтарда жауын-шашын мүлдем аз түседі. Әсіресе, құрғақшылық Қармақшы және Қарақия елдімекендерінде байқалады. Қалған өңірде ылғал көлемі нормаға сай болғанымен, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарының кейбір аумағында жаңбыр тапшылығы сезіледі.

Тегтер: Қуаңшылық