$ 498.34  519.72  4.85

Серік Ахметов өзіне қатысты істі «қолдан ұйымдастырғандарды» жазалауды сұрады

Серік Ахметов 2015 жылғы желтоқсанда бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Журналист Михаил Козачковтың дерегінше, Ахметов өзін қызметтен тайдыру операциясы Антикордың бұрынғы қызметкері, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің жетекшілігімен әзірленген деп есептейді. 

Еске сала кетейік, еліміздің бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов 2015 жылғы желтоқсанда бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған болатын. Кейін жазасы жеңілдетіліп,бас бостандығынан айрылу  мерзімі 10 жылдан 8 жылға азайтылды.

2017 жылдың қаңтарында Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша С.Ахметовтің өтелмеген мерзімінің төрттен бірі азайтылды. Кейін Серік Ахметовтың жазасын өтеудің нақты мерзімі бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, колониядан босатылды.2021 жылдың 1 қыркүйегінде ол жазасын өтеп болды. Сол уақыттан бастап оған тағылған барлық шектеулер алынып тасталды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары