08.07.2022, 17:40

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі қайтыс болды - БАҚ

Фото: ашық дереккөз
Ол 67 жаста еді.

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ шабуылдан кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. 

NHK телеарнасы мәліметінше, саясаткер Нарадағы медициналық университеттің ауруханасында қайтыс болды. Ол 67 жаста еді. 

Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды.