$ 447.4  477.55  4.76

Оралда ағайынды жігіттер Жайық өзеніне батып кетті

БҚО ТЖ департаменті суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.

Оралда ағайынды жігіттер Жайық өзеніне батып кетті деп хабарлады turkystan.kz.   

Батыс Қазақстан облысының ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 8 шілде күні Меловые горки кенті аумағында болды.

«Сағат 17.35-те екі адамның жабдықталмаған жерден Жайық өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті. Жедел құтқару жасағының күшімен іздестіру жұмыстары барысында 1991 және 2003 жылғы ағайынды жігіттердің денесі судан шығарылды. БҚО ТЖ департаменті суға шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігін еске салады», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары