09.07.2022, 14:10

Тараз полицейі итке оқ атуға мәжбүр болған

43 жастағы ер адам "Питбультерьер" тұқымды итін тыныштандыру және оған тұмылдырық кигізу туралы полиция қызметкерінің талабына жауап бермеді.

Таразда полицей итке табельдік қару қолданды, - деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД. 

8 шілдеде сағат 13:50-де "102" тетігіне Тараз қаласындағы дәріханаға қарама-қарсы бетте екі белгісіз ер адам спирттік ішімдік ішіп отырғаны, ал олардың жанында тұмылдырықсыз төбелесетін иттің бар екені туралы хабарлама түсті.

Шақыру орнына келген полиция қызметкерлері 1979 және 1986 жылғы жергілікті екі тұрғынды анықтады, оларға өтіп бара жатқан адамдар шағымданған.

"43 жастағы ер адам "Питбультерьер" тұқымды итін тыныштандыру және оған тұмылдырық кигізу туралы полиция қызметкерінің талабына жауап бермеді. Ит босанып шығып, айналада жүрген адамдарға қауіпті болды.

Қайғылы оқиға орын алмауы үшін Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы табельдік қарудан оқ атты", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Ит тірі және иесінің әйеліне қайтарылғаны айтылды.

Тегтер: Тараз полицей