Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz БОРТ №1 Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті.
Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаның жарқын жеңісі Қазақстан теннисін одан әрі дамытуға, спорттың осы түріне балалардың көптеп тартылуына ықпал етеді деп санайды.