9 шілде күні «Қарағанды - Қарқаралы» бағытында кетіп бара жатқан «Ауди 80» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол шетіндегі су қоймасына құлап кетті деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Бейресми дерек бойынша көліктің алдынан мал шыққандықтан көлік қатты бұрылып кеткен.
Сол жерден өтіп бара жатқан жолаушылар көлік ішіндегілерді құтқару үшін көлікті арқанмен тартып, екі адамды алып шыққан. Куәгерлер 56 жастағы көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға ауыр деңгейде алып барды. Қарағанды полиция департаментінің мәліметі бойынша, 56 және 70 жастағы екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты.