Қазақстанда бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi.kz-тің Kaspi Жұмасы қайта өтеді!
15,16 және 17 шілдеде Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде және Қазақстанның бүкіл қалаларындағы серіктестеріміздің дүкендерінде барлық зат құнын 24 айға бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Сүйікті клиенттеріміз бен серіктестеріміз бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі – Kaspi Жұманың өткізілуін көптен күтті. Биыл ең ауқымды Kaspi Жұма болады. Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде 2 миллионнан астам тауар тегін жеткізу қызметімен ұсынылады. Мерекеге еліміз бойынша 70 мыңнан астам үздік дүкен қатысады. Әр сүйікті клиентіміздің тиімді сатып алуына және серіктестеріміздің өз сатылымын арттыруына тілектеспіз!» - деді.
Kaspi Жұмаға қатысушылардың арасында Sulpak, «Мечта», Euromebel, Zeta, «12 месяцев», Adidas, Kimex, Lucente, Pandora, MonAmie, Marwin сияқты танымал брендтер және басқасы бар.
Kaspi.kz-тегі интернет-дүкенде және қалаңыздағы үздік дүкендерде жиһаз, үйге қажет тауар, электроника, зергерлік әшекейлер, көлік тауарлары, құрылыс материалдары, денсаулыққа арналған тауар, киім, балалар тауарларын және көптеген басқасын сатып алыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қуаныш сыйлаңыз!