11.07.2022, 15:20

Шаруа қожалығынан 9,3 млн теңгенің мүлкін ұрлаған адам ұсталды

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар 10-25 маусым аралығында 16 бетон іргетасын, алты баған тірегін және жеті бетон арқалықты ұрлап кеткен.

ШҚО-да ер адам шаруа қожалықтың 9,3 млн теңгенің затын ұрлап кеткен.

Polisia.kz-тің жазуынша, маусым айының соңында Бесқарағай аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне аудандағы шаруа қожалықтарының бірінің 64 жастағы басшысының өтініші келіп түскен, ол бетон бұйымдарының ұрланғаны туралы хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адамдар 10-25 маусым аралығында Ерназар ауылының маңында еркін кіруді пайдаланып, 16 бетон іргетасын, алты баған тірегін және жеті бетон арқалықты ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 9,3 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері қылмысқа күдікті ретінде 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Тегтер: ШҚО ұрлық