Алматы облысында қоғамдық дәретханада оқушы қыздарға тап беріп, зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық ПД мәліметінше, екі дерек бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлігі, 120-бабы, 3-2-бөлігі, яғни "Зорлауға оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
9 шілдеде полицейлерге кәмелетке толмаған екі қыздың ата-анасы атынан арыз түсті.
«Арызданушылар Шонжы ауылының қоғамдық дәретханаларының бірінде қыздарына (екеуі де 17 жаста) тап беріп, зорламақ болған белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды талап етті», - делінген хабарламада.
Полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады.
«Оның психикалық дамуы тежелген, мүгедектігі бар және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады», - деп хабарлады ведомстводан.
Түпкілікті процессуальдық шешім факті бойынша тағайындалған арнайы психиатриялық сараптаманың қорытындысына сай қабылданатын болады.