$ 494.87  520.65  4.91

Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығады

Оған өз әйелін өлтірмек болды, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады деген айыптар тағылып, 9 жылға сотталған еді.

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын босап шығатын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қапшағай қалалық сотының мәліметінше, Баян Мақсатқызының өзі Бақытбек Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға келісімін берген.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Бақытбек Есентаевқа өз әйелін өлтірмек болды, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады деген айыптар тағылып 9 жылға сотталған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары