Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы қала мен аудандардағы білім беру мекемелеріне тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде белгілі болған, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық агенттігі.
Нәтижесінде Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінде 122 мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істеп келгендері анықталды.
Жалған құжаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің атын пайдаланып жасалған.
Жалған құжаттарды пайдалану деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта 41 маман кінәсын мойындауына байланысты қылмыстық істер тоқтатылды әрі қызметінен босатылды. Ал 81 маманға қатысты тергеу жалғасып жатыр.