14.07.2022, 05:29

ДДСҰ әлем халқын қайтадан бетперде тағу режиміне оралуға шақырды

Бүкіл әлемде өлім-жітімнің көбейе бастаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлемдегі барлық елдің үкіметтерін бетперде тағу режимін қайтаруға шақырды. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарламасында COVID-19 қазір еркін тарап жатқаны және бүкіл әлемде өлім-жітімнің көбейе бастағаны айтылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлем тұрғындарын анти-ковидтік шараларға оралуға шақырды.

Оның айтуынша, коронавирустың Omicron штамының түрлері бүкіл әлемдегі жағдайлардың артуына, сәйкесінше тағы бір жаңа толқынның пайда болу ықтималдылығына түрткі болуда. Мұндайда ауруханалардың науқастарға толу, өлім-жітімнің көбею ықтималдылығы өте жоғары.

Zakon.kz.  

Тегтер: коронавирус