Жаңалықтар 15.07.2022 сағат 12:50

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдару ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы Күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдару ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар