Тас қалаушы салынып жатқан ғимараттың екінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 14 шілдеде сағат 09.00-де Луначарский көшесінде салынып жатқан көпқабатты үйдің аумағында болған.
Тас қалаушы кранмен жеткізіліп жатқан кірпіштермен соғылысып, екінші қабаттан құлап кеткен. Ер адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жәбірленуші 1957 жылы туған. Оның көп жері сынған, оң жақ өкпесі соғылып, кеуде қуысы, жабық бассүйек-ми жарақатын алған, миы шайқалған, 2-3 дәрежелі травматикалық шок алған, жағдайы ауыр. Науқас жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.