15.07.2022, 21:03

Алматыда 10 жастағы оқушы көше дәретханасына түсіп кеткен кішкентай қызды шығарып алды

Алғашында баланың әкесі өзі төмен түсуге бел буады, бірақ қолайлы болмаған соң, он жасар Әлихан кішкентай шұңқырға өзі ғана сыятынын түсініп, өз еркімен дәретхана шұңқырына түседі.

Алматының қала маңындағы ауылдарының бірінде мектеп оқушысы үш жасар қызды көше дәретханасынан алып шықты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 14 шілде күні таңертең Қарасай ауданы Іргелі ауылында болған. Келесі күні таңертең оқиға туралы Төтенше жағдайлар департаментіне хабарланды.

«2011 жылы туған бала көршісінің 2019 жылы туған қызын дәретхана шұңқырынан шығарып алған. Үш жасар қыздың анасынан дәретханаға қызының құлап кеткенін білген бала көмекке ұмтылған.

Алғашында баланың әкесі өзі төмен түсуге бел буады, бірақ қолайлы болмаған соң, он жасар Әлихан кішкентай шұңқырға өзі ғана сыятынын түсініп, өз еркімен дәретхана шұңқырына түседі. Баланың айналасына арқан байлап алған баланың әкесі оны әжетханаға түсіріп, тез арада алдымен қызды, сосын ұлын алып шықты», - деп хабарлады ТЖД.