15 шілдеде сағат 15:00 шамасында Абай қаласынан бір шақырым қашықтықта қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды қаласынан келе жатқан Mercedes-Benz Sprinte көлігінің 39 жастағы жүргізушісі, алдын ала мәліметтер бойынша, жолдың қарсы бетіне шығып, Toyota Avensis-пен және Volvo фурасымен соқтығысқан.
Mercedes-тің жүргізушісі мен Toyota Avensis салонында болған 10 жасар бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"Mercedes-Benz Sprinter және Toyota Avensis көліктерінің жолаушылары ауруханаға жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Қарағанды облысы ПД тергеу-жедел тобы жұмыс істеді. Жол апаты орын алған жол учаскесі уақытша жабылды", Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.