$ 444.22  476.38  4.82

Қазақ оқушылары физика халықаралық олимпиадасынан бес медаль жеңіп алды

Балалар отандық жоғары оқу орындарында оқуға грантар алады.

Қазақстандық оқушылар халықаралық физика олимпиадасынан бес медаль алып келді, деп хабарлады Білім министрі Асхат Аймағамбетов.

Балалар отандық жоғары оқу орындарында оқуға грантар алады.

— Тамаша нәтиже: 10-15 шілдеде Цюрихте өткен Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO) біздің оқушылар алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды. Елімізден Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Атыраудан бес оқушы қатысты. Олар әлемнің 75 елінен келген 368 құрдасымен бақ сынады.Жігіттер өткен жылғы көрсеткішті жақсарта алды, Қазақстан бес күміс медаль жеңіп алды, – деді Білім министрі.

Команданың алтын медалін Даниил Шатохин, күмісті Ерсұлтан Пітебай, Владимир Лим, Дінмұхаммед Рахымжанов және Ризабек Алпамыс әкелді.

Асхат Аймағамбетов ұстаздар мен ата-аналардың зор қолдауының арқасында мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, әлемдік олимпиадада ел намысын лайықты қорғағанын ерекше атап өтті.

Министр халықаралық беделді олимпиадалардың жеңімпаздары ұлттық жоғары оқу орындарында ҰБТ-дан өтпей-ақ  ақшалай сыйлық пен грант алатынын атап өтті. Олардың ұстаз-тәлімгерлері де сыйақы алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Олимпиада