$ 498.34  519.72  4.85

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Күндіз 17-19 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-45 градус өте қатты ыстық сақталады.

17 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

Петропавл қ: 17 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз 18 шілдеде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз 17-19 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-45 градус өте қатты ыстық сақталады. 17 шілдеде Павлодар облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар қ: 17 шілдеде түнде және таңертең найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 17-19 шілдеде Маңғыстау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз 17-18 шілдеде Атырау облысының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Атырау қ: 17 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз 17-18 шілдеде Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

17 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 17 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 17 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

17 шілдеде түнде Шығыс Қазақстан облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 17 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

17 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батыстқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 23 м/с. Kүндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус күтіледі. Семей қ:. 17 шілдеде найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батыстқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

17 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. 17 шілдеде күндіз Алматы облысының оңтүстігі мен солтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Алматы қ.: 17 шілдеде күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Конаев қ.: 17 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

17 шілдеде күндіз Жетісу облысының солтүстігінде және шығысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Талдықорған қ: 17 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 17 шілдеде кей уақыттарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 17-19 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде 40-45 градус өте қатты ыстық сақталады. Күндіз 17-18 шілдеде Атырау облысының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық сақталады.

Күндіз 18 шілдеде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, күндіз 18-19 шілдеде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. 17 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы