17.07.2022, 16:28

Атырауда балалар отырған аттракцион құлады

Бірнеше бала жеңіл жарақат алды.

Атырауда әткеншек құлап, балалар зардап шекті. Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Төтенше жағдай 16 шілдеде, шамамен 22:30-да болған. Ата-аналар балаларды аттракционға отырғызған, бірақ әткеншектер бірден тоқтап, құлаған.

"Балалар жеңіл жарақат алды. Алдымен оларды жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына апарып, кейін үйлеріне қайтарды", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Атырау облысы бойынша ПД баспасөз қызметі ҚК-нің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.