Атышулы олигарх Тоқтар Төлешовтың активтері ел меншігіне өтуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жоғарғы Сот Төлешовтің (билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін сотталған, Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі) активтерін (Шымкенттегі балабақша және Сарыағаштағы профилакторий) заңсыз қайта рәсімдеудің күшін жою туралы прокуратураның кассациялық өтінішхатын қарап жатыр», - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Сондай-ақ олигополиялардың пайдасына қабылданған сот актілері бойынша жоғары сот сатысына 4 наразылық келтірілді.
Оларды қайта қарау мемлекетке 30 млрд теңгеге жуық залалды өтеуді көздейді.