$ 448.15  483.46  4.86

Қаңтар оқиғасы: бас прокуратура тергеуге қысым көрсетіліп жатқанын айтты

Осыған байланысты қылмыстық процеске қатысушылар мен қорғаушыларды заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамын.

Тергеу нәтижесімен келіспеген кейбір адамдар әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы Бас прокуратураға қысым көрсетіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазіргі уақытта жекелеген адамдар әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңсыз талаптар қойып, қабылданған процестік шешімдермен келіспегендіктен, тергеуге қысым көрсету мақсатында қылмыстық істердің тергеу барысына араласуда", - деді Қилымжанов брифингте.

Ол Қылмыстық-процесстік заңнаманың талаптарына сәйкес, тергеу әрекетіне қатыса алатын адамдардың нақты тізімі бар екенін атап өтті. Бұл адвокаттар, қорғаушы тараптың заңды өкілдері және жәбірленушілер. Олар прокуратураға да, тергеу сотына да тергеу органының іс-әрекетіне өтініш хат, шағым беруге құқылы. Сондай-ақ процестік шешімдер мен тергеу органының әрекетіне шағым жасаудың нақты тәртібі айқындалған.

"Осыған байланысты қылмыстық процеске қатысушылар мен қорғаушыларды заң нормаларын қатаң сақтауға шақырамын. Прокуратура органдары барлық қылмыстық іс бойынша қылмыстық процеске қатысушылардың құқығын сақтауды қамтамасыз етіп жатыр", - деді Қилымжанов.

Бас прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде құқық қорғау және арнайы органдарының қызметіне араласқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары