$ 494.87  520.65  4.91

«2 мыңнан аса қару әлі қылмыскерлердің қолында» – Бас прокуратура

Тәртіп сақшылары қару-жарақ сақталған орындарды іздестіріп, анықтауды жалғастырып жатыр. Соған қарамастан, тағы 2 мыңға жуық қару қылмыскерлердің қолында. «»

Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Жалпы республика бойынша құқық қорғау органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 846-дан астам шолақ және тегіс ұңғылы қаруды анықтады. Ұрланған қарудың 2 мыңнан астамы әлі де қылмыскерлердің қолында, бұл әлеуетті қауіп төндіретінін атап өтеміз", – деді брифинг барысында Елдос Қилымжанов.

Таразда олар қару-жарақ сақталған орын табылған, оның ішінде Жамбыл облысының полиция басқармасынан ұрланған Калашников автоматы, екі Макаров тапаншасы, SHTURM автоматы, жарылғыш зат пен оқ-дәрілер болған.

Жалпы полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 1 729 қару мен 42 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіледі.

Олардың ішінде: 13 гранатомет, 6 пулемет, 169 автомат, 374 тапанша, 266 травматикалық және газды қару.

Соңғы екі аптада ғана 40-тан астам қару тәркіленді. Барлығы 125-тен астам қару қоймасы жойылды.

Сонымен бірге құқық қорғау органдары қарумен ұсталған адам өз еркімен тапсырған деп танылмайтынын еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қару-жарақ