$ 498.34  519.72  4.85

Германия Ресей мұнайынан бас тартып, Қазақстаннан сатып алмақ

Еуропалық Одақ қазірдің өзінде алты санкция пакетін мақұлдады.

«Роснефть» еншілес кәсіпорны Rosneft Deutschland Германияның экономика министрлігіне биліктің 2023 жылы Ресейден жеткізілімдерден бас тарту ниетін ескере отырып, Қазақстан мұнайын балама ретінде ұсынды. 

Бұл туралы Шығыс Германия мен Берлиннің іскер қауымдастығы хабарлады.

Украинада соғыс басталғаннан кейін Батыс елдері Ресейге, атап айтқанда, энергетикалық ресурстарға қарсы санкциялар сала бастады. Алтыншы пакет мұнай импортына эмбаргоны кезең-кезеңімен енгізуді қарастырады. Тыйым тек теңіз арқылы жөнелтуге әсер етеді, ал «Дружба» құбыры арқылы келетін мұнайға шектеу қойылмайды. 

Бірақ Германия үкіметі де 2023 жылдың ақпанына дейін ресейлік мұнай өнімдерінен бас тарту туралы мәселені көтерді.

«Баламалы шешім ретінде Германияның Экономика және климатты қорғау министрлігіне мұнай өңдеу зауытының акционері Rosneft Deutschland Қазақстаннан шикі мұнай сатып алу туралы ұсыныс түсті» делінген қауымдастық сайтында.

Бұл жоспарға сәйкес, Қазақстан мұнайы Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына эмбарго режиміне түспей «Дружба» құбыры арқылы тасымалданады. Мұнайдың Росток қаласынан мұнай құбыры арқылы жеткізілуімен бірге зауыттың жұмысына 100% кепілдік берілуі мүмкін.

Егер бәрі сәтсіз болса, Шығыс Германия мен Берлиндегі бизнес-қауымдастықтардың мүдделі тобы «Дружба» құбыры арқылы ресейлік мұнайдың іағуын жалғастыруды талап етеді. Неге газға рұқсат бар, алмұнайға рұқсат етілмейді» делінген хабарламада.

Еуропалық Одақ қазірдің өзінде алты санкция пакетін мақұлдады. Олар басқалармен қатар Ресейден көмір мен мұнай импортына біртіндеп эмбарго енгізуді қарастырады. Сонымен қатар, Еуропа мен АҚШ-та бұл қадамдар жанармай мен азық-түлік бағасының өсуіне себеп болды.

Дереккөз: orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары