$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда бетон араластырғыш машина бірден төрт көлікті соқты

Жол апаты салдарынан жол талғамайтын көлікте отырған 5 адам зардап шекті.

Бостандық ауданындағы Әл-Фараби даңғылында жаппай көлік апаты болып, бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Эксперсс К.

Бетон араластыратын машинаның жүргізушісі қатты жылдамдықпен келе жатып Lexus автокөлігіне соқтығысты. Сол себепті жолда кептеліс болып, көлік қозғалысы бәсеңдеді.

Куәгерлердің айтуынша, қатты соққыдан қара түсті Lexus Toyota Corolla-ға, кейін алдында тұрған көлікті зақымдаған Toyota Camry-ге соқтығысқан. Оқиға болған жерде ұзын-сонар кептеліс пайда болды.

Жол апаты салдарынан жол талғамайтын көлікте отырған 5 адам зардап шекті. Олар түрлі дене жарақаттарымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жол-көлік апатына не себеп болғанын анықтап жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары