Түркістан облысында жылқылардың кесірінен адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы (ЖКО) болды, деп хабарлады ҚазТАГ.
Қалалық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, сағат 20:00 шамасында 4 жолаушысы бар «ВАЗ 21099» маркалы автокөлік Төле би ауданынан Шымкент қаласы бағытына қарай қозғалған. Осы сәтте жол бойымен өтіп бара жатқан жылқыларды қағып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бағытта келе жатқан «Volkswagen Passat» маркалы жеңіл көлікпен соқтығысты.
«Жол апатынан «ВАЗ 21099» маркалы автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ көліктің тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді» - делінген хабарламада.
Оқиға 16 шілдеде Еңбекші ауданында, Абдулабад ауылының маңында болғаны көрсетілген.