Жаңалықтар 21.07.2022 сағат 14:40

Жезқазғанда КамАЗ көпірден құлап кетті

КамАЗ жүргізушісі көпір үстінде тізгінге ие бола алмай қалып, құлап кеткен.
Жезқазғанда КамАЗ көпірден құлап кетті

Жүк көлігінің 64 жастағы жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Экспресс К.

Telegram желісіндегі "Патриот" арнасының мәліметінше, оқиға Жезқазған мыс балқыту зауытына барар жолдағы көпірде болған. Бұл дерек туралы Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпарат берді.

20 шілде күні сағат 14:05-те КамАЗ жүргізушісі көпір үстінде тізгінге ие бола алмай қалып, құлап кеткен. Ол ауруханаға жатқызылды. Бұл деректі полиция тіркеуге алып, сараптама тағайындалды. Оның қорытындысында процессуалды шешім шығарылады,

— дейді департаменттегілер.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар