$ 443.85  474.3  4.8

Калифорния жағалауында екі әйелді кит жұтып қойды

Кадрларда киттің ауызын кең ашып, екі әйел отырған қайықты жұтып қойғаны көрінеді.

Калифорния жағалауында кит қайыққа мінген екі әйелді жұтып қойды. Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда киттің ауызын кең ашып, екі әйел отырған қайықты жұтып қойғаны көрінеді. Бірнеше секундтан кейін теңіз алыбы адамдарды шығарып тастайды. Мүмкін олар рационына кірмейтінін түсінген болар. Киттер ұсақ балықтармен қоректенеді.

Мәлімет бойынша әйелдер зардап шекпеген, тек қорқып қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Калифорния