Ақмола облысының Бестөбе алтын өндіру шахтасында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады "Алтыналмас" компаниясы.
Болжам бойынша ер адам заңсыз алтын іздеуші болуы мүмкін.
Мәйіт жарылғыш заттарды тасымалдауға арналған вагонының жанынан табылған. Көз жұмған адамның кім екені анықталды. Ол Бестөбе елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Шахтада жұмыс істемеген.
Компания хабарлауынша, Бестөбе алтын өндіру шахтасы бір жылдан бері жұмысын тоқтатқан. Оған себеп - шахтаның төменгі бөлігін жерасты сулары басқан.