2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ипотеканы ерлерден гөрі әйелдер жиі рәсімдеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Krisha.kz мәліметінше, Қазақстандағы ипотекалық қарыз алушылардың жартысынан көбі – әйелдер, оларға берілген қарыздардың 55%-дан астамы тиесілі. Ипотека рәсімдеген әйелдердің 25%-ы – 30-44 жастағылар. Ал 12%-ы – 30 жасқа дейінгі әйелдер және 18%-ы – 45 жастан асқандар.
Ал ипотекалық қарыз алған ерлердің 14,6%-ы – 30 жасқа дейінгілер.30-44 жастағылар ипотека рәсімдеушілердің 21,2%-ын құраса, 9,3%-ы – 45 жастан асқар ерлер.
Ипотека рәсімдегендердің көбінесе 15-20 млн теңге (барлық көлемнің 24,8%-ы) несие алған. 10-15 млн теңгеден аз алғандардың үлесі – 21,9 %
Сарапшылар өткен жылдармен салыстырғанда ай сайынғы төлемдер көлемінің төмендегенін атап өтті. Бұл несие беру мерзімінің ұлғаюына байланысты.
Егер 2021 жылы орташа көрсеткіш 145,3 мың теңге болса, 2020 жылы – 155,7 мың болса, биылғы жылдың алты айында – 136,1 мың теңге.