$ 444.22  476.38  4.82

Алматыдағы ірі бизнес орталықтың 19-қабатынан өрт шықты

Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында орналасқан "Нұрлы Тау" бизнес орталығының 19-қабатында өрт шықты.

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 19:03-те келіп жеткен. 


Өрт сөндірушілер кондиционердің сыртқы блогы өртеніп, артынша өрт балконға (жалпы ауданы 2 шаршы метр) тарағанын анықтады.

Өрт тез арада сөндірілді деп хабарлады ведомство. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары