$ 494.87  520.65  4.91

Әйеліне «Қош бол!» әнін жолдаған: Семейдегі әскери бөлімде офицер өлі күйінде табылды

Марқұмның туыстары қосымша тәуелсіз сот-медициналық сараптама өткізуді талап етіп отыр.
Фото: ашықдереккөзден
Фото: ашықдереккөзден

Семей қаласында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімінде офицер өлі күйінде табылды. Бес баланың әкесі оқ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, офицер Бақытжан Әріпжанов өз-өзіне қол салған. Оқ басына тиген. Алайда туған-туыстары бес баланың әкесі ондайға бармайды деп отыр.

"Оның бір проблемалары болған. Шымкентке ауысамын деп жүрген. Бірақ үлгере алмай қалды", - дейді марқұмның әкесі Күлібек Әріпжанов.

Бақытжан әскери салада 10 жылдан астам уақыт қызмет етті. Қатардағы жауынгерден капитанға дейін жетті. Басында Түркістан облысында қызмет атқарды. Одан кейін Семейге ауысып барған. Шымкент қаласына ауысамын деп жүргенде қайтыс болды.

Сол күні офицер бір сағат бұрын апасына телефон шалған. Үш жасар қызымен амандасып, артынан хабарласамын деп, телефонды қоя салған. Одан кейін еш эмоциясы жоқ біртүрлі хабарлама жіберген. Сосын әйеліне "Қош бол!" әнін жолдаған.

Туған-туыстары мұның бәрі әдейі жасалған болуы мүмкін деп ойлайды. Ал әскери бөлімнің қызметкерлері Бақытжанның кезекшіден тапанша алып, басына оқ атқанын айтып отыр.

"Офицер қаза болды. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс жүріп жатыр. Сондықтан басқа ештеңе айта алмаймын", - дейді 31767 әскери бөлімнің командирі Айбол Өтегенов.

Марқұмның туыстары қосымша тәуелсіз сот-медициналық сараптама өткізуді және барлық мән-жайды жан-жақты тергеуді талап етіп отыр.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#офицер #Семей