АҚШ-та өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Галина Якушева 35 шақырымға жүгіруден Қазақстан рекордын жаңартты.
Vesti.kz басылымының жазуынша, Галина Якушева 35 шақырым қашықтықты 2 сағат 54 минут 50 секундта жүгіріп өткен. Осылайша ол жаңа рекорд орнатып, Юджиндегі әлем чемпионатында 17-орынды иеленді. Айта кетейік, бұл жарысқа тағы бір отандасымыз қатысқан болатын. Бірақ Полина Репинаның жолы болмай, ол жарыстан шеттетілді.
Әйелдер арасындағы 35 шақырымға жаяу жүгіруден перулық Кимберли Гарсиа Леонның бағы жанса, екінші орынды польшалық Катарзына Здзиебло, ал үшінші орынды қытайлық Цеян Шенжие иеленді.