$ 494.87  520.65  4.91

Есік қаласында болған атыста жарақат алғандардың бірі қаза тапты

Екіншісі жаралы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр.
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Есік қаласында болған атыс кезінде екі адам зардап шегіп, екеуі де ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді. 

"23 шілдеге қараған түні Есік қаласында орналасқан Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 1992 және 2004 жылы туған екі ер адам жеткізілді. Екеуінің де жағдайы өте ауыр, оларға оқ жарақаты және көптеген жарақаттар деген диагноз қойылды. Дәрігерлер шұғыл ота жасады, соған қарамастан ауруханаға жатқызылғандардың бірі бүгін түсте қайтыс болды", - деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова.

Екіншісі жаралы жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр.

Есік қаласында 23 шілде атыс болған. Тергеу "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары