$ 494.87  520.65  4.91

Өзіне қол салмақ болған Шымкент полициясының баспасөз хатшысы жұмысына қайта оралды

Мөлдір Бекеева әзірге өзіне қол салуға жеткізді деп айыптаған полиция басшысы Дәлбеков тарапынан ешқандай теріс әрекет болмағанын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өз-өзіне қол салмақ болған Шымкент полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева қызметіне қайта оралды, деп хабарлайды  Elitar.kz басылымы. 

"Иә, сәрсенбіден бері жұмыстамын. Өз лауазымымда", – деп мәлімдеді журналист. 

Оның сөзінше, дәрігерлер жұмысқа шығуына қарсы болған. Сонымен қатар полиция департаментінде Өзіндік қауіпсіздік департаментінің республикалық комиссиясы жұмыс істеп жатыр екен. Аталған департамент баспасөз хатшысының ғана емес, өзге де істерді тергеп жатыр.

Ал Мөлдір Бекеева әзірге өзіне қол салуға жеткізді деп айыптаған полиция басшысы Дәлбеков тарапынан ешқандай теріс әрекет болмағанын айтты. 

Айта кетейік, Шымкент қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Мөлдір Бекеева өзіне қатысты даудан кейін суицид жасамақ болған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары