25.07.2022, 12:40

Месси «Барселонаға» қайта оралуы мүмкін

Фото: ашық дереккөз
«Барселонаның» бас бапкері Хави клуб басшылығынан аргентиналық Лионель Мессимен жаңа келісімшарт жасауды сұрады.

«Барселонаның» бас бапкері Хави клуб басшылығынан аргентиналық Лионель Мессимен жаңа келісімшарт жасауды сұрады, деп хабарлайды Sport.es.

Хави «Барселонаға» Месси оралса, клубқа экономикалық және спорттық тұрғыда да үлкен үлес әкеледі деген сенімде. Осылайша, маман каталондықтардың президенті Жоан Лапортадан ПСЖ-мен келісімшарты аяқталғанда Мессиді қайтарып алуын сұраған екен.