Ұлттық экономика министрлігі Қазақстандағы мерекелер тізіміне қосымша әзірледі. Енді елімізде екі жаңа мереке пайда болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
9 қыркүйек – Қазақстан кәсіпкерлер күні;
19 желтоқсан – Жарнама мамандарының күні.
Ведомство өкілінің мәліметінше, Қазақстан кәсіпкерлері үшін ресми мерекені енгізу жүздеген мың қазақстандық үшін өзекті әрі маңызды болмақ.
Жаңа мерекелік күн кездейсоқ таңдалмаған. 2013 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстандағы барлық бизнесті біріктіретін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы құжатқа қол қойылды.
Сондай-ақ олар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында жаңа мерекені белгілеу бастамасы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен еліміздің негізгі қоғамдық-саяси күштерін осы саладағы топтастыруды айғақтайтынын атап өтті.
Жарнама маманының мереке күнінің ҚР "Жарнама туралы" Заңының қабылданған күнімен сәйкес келуі ұсынылды. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда шамамен 2 мыңға жуық жарнама ұйымы тіркелген, 100 000 жарнама маманы жұмыс істейді.