$ 494.87  520.65  4.91

Райымбек және Кеген халқы наразылыққа шығып, жолды жапты

Наразылыққа осыдан екі жыл бұрын Кеген шатқалындағы 15 шақырым жолдың күреліп, оның қайта жасалмауы себеп болып отыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Райымбек және Кеген аудандарының халқы Алматы мен Нарынқол күрежолын жауып, наразылыққа шығып жатыр.

Наразылыққа осыдан екі жыл бұрын Кеген шатқалындағы 15 шақырым жолдың күреліп, оның қайта жасалмауы, сонымен қатар, осы екі ауданның барлық жолы шұрық-тесік болып, жөндеу жұмыстарының жүрмеуі себеп болып отыр. Бұл туралы тәуелсіз журналист Қанат Әбілқайыр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

«Райымбек пен Кеген ауданы баяғы орыс бодандығына көнбеген Тазабек пен Саурық сынды батырлардың мекені. Ресей империясының іргесін сөккен Қарқара көтерілісі де осы өңірден басталған. Идея жолында шейіт кеткен Заманбек пен Алтынбектің кіндік қаны да осы жерге тамған. 

Жайшылықта момын, бұйығы болғанымен, бір бас көтерсе, бас бермес асаулығы бар жұрт бүгінгі күнге дейін шыдап келгенін, халықтың шыдамының мүлдем түгесілгенін айтады.

Халық наразылығын басуға Кеген ауданының әкімі келгенімен, ол өз сөзіне өзі қарсы шығып, мардымды ештеңе айта алмады. 
Бұл жай тезірек мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің құлағына жетпесе, аудандық, облыстық шенділердің қолынан ештеңе келмейтінін, олардың өтірік уәдесі халықты бұдан ары ашындыра түсетінін айта кеткіміз келеді. 

Осындай кішкене ғана наразылықтың соңы Қаңтардағы жағдайға дейін жеткізгенін ел ұмыта қойған жоқ. Сондық үшін осы жазбаны президентке жеткізуіңізді сұраймын, Руслан Желдібай (ред. ҚР Президентінің баспасөз хатшысы) мырза, деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары