Жаңалықтар 25.07.2022 сағат 17:40

Тоқаев Мәмин мен Атамқұловты шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарды

Кеңестің құрамынан тағы бірнеше адам шығарылды.
Тоқаев Мәмин мен Атамқұловты шетелдік инвесторлар кеңесінен шығарды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстанның экс-премьер-министрі Асқар Мамин мен бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамынан шығарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кеңестің құрамынан А.Ұ. Мамин, Е.Ә. Досаев, Б.Б. Атамқұлов, Р.Е. Дәленов, P.M. Исатаев, А.Ә. Әріпханов, А.И. Мырзахметов, Р.Дж. Поллетт, А. Глазенберг, В.Н. Кнауф, А. Брейяк, К. Ульмер-Айлфорт, В.Ю. Алекперов, И. Катаяма шығарылсын, – деп жазылған мемлекет басшысының Жарлығында.

Кеңестің құрамына төмендегі басшылар енгізілді:

    Ғалымжан Пірматов – Ұлттық банктің төрағасы,
    Бақыт Сұлтанов – Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі,
    Әлібек Қуантыров – Ұлттық экономика министрі,
    Қайырбек Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі,
    Қанат Шарлапаев – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша),
    Ардақ Зебешев – Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы,
    Райымбек Баталов – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісім бойынша),
    Бела Ференци – «Дженерал Электрик» компаниясының Ресейдегі/Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы президенті (келісім бойынша),
    Гэри Нейгл – Glencore компаниясының бас директоры (келісім бойынша),
    Уве Кнотцер – Knauf International GmbH компаниясының бас директоры, Knauf Group басқарушы әріптесі (келісім бойынша),
    Николя Терраз – «Тоталь Энерджиз Барлау және Өндіру» компаниясының президенті, «Тоталь Энерджиз» концерні атқарушы комитетінің мүшесі (келісім бойынша),
    Кирсти Хелен Уилсон – «Бейкер Макензи» жаһандық атқарушы комитетінің мүшесі, «Бейкер Макензи Интернэшнл» директорлар кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша),
    Вадим Воробьев – «Лукойл» жария акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша),
    Тецуя Шинохара – «Митцубиси» корпорациясының аға вице-президенті, жаһандық стратегия және үйлестіру департаментінің бас директоры (келісім бойынша);

Мына:

    Әлихан Смайылов – Премьер-министрдің бірінші орынбасары,
    Роман Скляр – Премьер-министрдің орынбасары,
    Тимур Сүлейменов – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары,
    Мұхтар Тілеуберді – Сыртқы істер министрі,
    Ерұлан Жамаубаев – Қаржы министрі

деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

    Әлихан Смайылов – Премьер-министр,
    Роман Скляр – Премьер-министрдің бірінші орынбасары,
    Тимур Сүлейменов – Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары;
    Мұхтар Тілеуберді – Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі,
    Ерұлан Жамаубаев – Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі.

Еске сала кетейік, Асқар Мәмин 2019 жылғы ақпаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін премьер-министр қызметін атқарған, ал Бейбіт Атамқұлов 2019 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы қаңтарға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігін басқарған еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар